jasqazaq.kz

Ресейде көз жұмған қыздың анасы жүрек тебірентерлік жазба жариялады

04 мамыр 2018, 10:43

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлау нәтижесінде көз жұмған қазақстандық студент Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

Бұл туралы Томиристің анасы Инстаграмдағы парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Махаббат, жүрек, өмірім менің кешір», – деп жазды Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында.

Қазақ қызы терезеден құлаған университеттің баспасөз хатшысы Виктория Калашникова, МГИМО қайтыс болған Томирис Байсафаның туыстары мен жақындарына көмектесуге дайын екенін айтты.

«Бұл қайғылы оқиға. Туған-туыстарының қайғысына ортақпыз. Томиристің отбасы, туыстары, жақындары не сұрасада барлық жағынан көмектесеміз. Университет басшылығы үнемі олармен байланысып тұрады және қажетті көмек көрсетілетін болады», – деді Калашникова.

Айта кетейік, бүгін Мәскеудегі Склифософский атындағы ҒЗИ мәлімдегендей, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының МГИМО) төртінші қабатынан құлап кеткен 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде