jasqazaq.kz

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады

18 қантар 2021, 10:01

Екпе алуға тілек білдіруші халықтың барлық санатын жаппай вакциналау Ресей аймақтарында 18 қаңтардан басталады.

Ресейліктер тіркелген екі вакцинаның бірін – «Спутник V» немесе «Эпиваккоронаны» тегін салдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2020 жылдың 10 желтоқсанында басталған ауқымды вакциналаудан жаппай вакцинацияға өтуді 13 қаңтарда тапсырған болатын. Сол кезде инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабты басқаратын вице-премьер Татьяна Голикова 18 қаңтардан бастап елде ауқымды вакциналаудан жаппай вакциналауға көшуге бәрі дайын екенін айтты. Оның сөзінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның шамамен 2,1 миллион дозасы қаңтар айының соңына дейін Ресейде азаматтық айналымға түседі. Вице-премьер сонымен қатар Ресейде халықтың иммунитет деңгейіне қарамастан, халықты коронавирусқа қарсы тегін вакциналау үшін ресурстар бар екенін атап өтті. Ең бастысы, Ресей азаматтары вакциналауға келуге, сондай-ақ «әсіресе қазіргі жағдайда өте маңызды болып табылатын қауіпсіздік шараларын сақтауға» ниет білдірді деді Голикова. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында коронавирусқа қарсы екі вакцина тіркелген: Гамалея институты жасаған «Sputnik V» және «Вектор» ғылыми орталығы жасаған «Эпиваккорона». Тағы бір вакцинаны В.И.Чумаков атындағы иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту жөніндегі федералды ғылыми орталық жасады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия