jasqazaq.kz

Ресейде коронавирусқа қарсы қайта вакциналау басталды

01 шiлде 2021, 10:42

Ресей өңірлерінде коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау, сонымен қатар COVID-19-бен ауырып шыққандарға екпе салу басталды. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі журналистерге сәрсенбі күні мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі «COVID-19-ға қарсы ересектерді вакциналауды жүргізу тәртібі» уақытша әдістемелік ұсынымдарын бекітті. Өңірлерде ревакцинация және ауырып шыққандарға екпе салу басталды», — делінген хабарламада.

Ұсынымдарға сәйкес, азаматтар елде тіркелген кез келген вакциналық препаратты ектіре алады. Дегенмен бірінші дозаны салдырғаннан кейін науқаста жағымсыз әсерлер пайда болса, оның қалауымен, қарсылықтар болмаған жағдайда, вакцинаны алмастыруға мүмкіндік беріледі. Атап өтілгендей, РФ-да ұжымдық иммунитет керекті деңгейде қалыптаспайынша, қайта вакциналау немесе ауырып шыққаннан кейін жарты жыл өткен соң екпе салуға кеңес беріледі. Бұл кезең «шұғыл вакциналау» деп аталады. Ұжымдық иммунитеттің мақсатты деңгейіне жеткеннен кейін «қалыпты вакциналауға» көшу жүзеге аспақ. Ол жоспарлы түрде жазылып шыққаннан немесе қайта вакциналаудан кейін 12 ай өте егуді көздейді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия