jasqazaq.kz

Ресейде каронавирустың дельтакрон штамы анықталды

11 тамыз 2022, 22:56

SARS-CoV-2 вирусының геномдық тізбектерінің ұлттық дерекқорында (VGARus Database) коронавирустың «дельта» және «омикрон» немесе «дельтакрон» деп аталатын гибридті штамдарына тағайындалған алты геномдық тізбегі бар, бес үлгі Санкт-Петербургте, біреуі Мәскеуде алынды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  

«10 тамыздағы жағдай бойынша VGARUS базасына Сovid-19 көрсетілген нұсқасына жатқызылған алты геномдық тізбек жүктелген. Зерттеуге арналған бес үлгі Санкт-Петербургте, біреуі Мәскеуде алынды», — делінген Роспотребнадзор хабарламасында.

Бұл нұсқа коронавирус инфекциясының доминант емес желілеріне жатады және қазіргі уақытта екі қаланың эпидемиологиялық ахуалына айтарлықтай әсер етпейді. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі эпидемиологиялық жағдай жалпы Ресейдегі жағдайға ұқсас, ол штамм құрамында BA.5 нұсқасының басым болуымен BA.4 және BA.5 желілерінің белсенді таралуымен сипатталады.

Роспотребнадзордың хабарлауынша, коронавирустың гибридті нұсқасы бар науқастар ауруды жеңіл түрде бастан өткерді, оларды ауруханаға жатқызу қажет емес.

Ведомстводан нақтыланғандай, қазіргі уақытта гибридті нұсқа аурудың неғұрлым ауыр ағымына әкеледі немесе көбірек таралады деп айтуға негіз жоқ. Жалпы, гибридтердің пайда болуы ерекше құбылыс емес, процесс көптеген вирустарға тән және эволюциялық-бейімделу механизмдерінің бірі саналады.

«Бұған дейін COVID-19 гибридті штамдары Еуропада, АҚШ-та және Латын Америкасында тіркелген. Олар халық арасында кең тараған жоқ», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде