jasqazaq.kz

Ресейде халық саны кеміп барады

17 шiлде 2019, 17:59

2019 жылдың бес айының есебіне орай, Ресей халқының саны 180,4 мың адамға азайған. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Ресейдің Федералдық мемлекеттік статистика қызметінің дерегіне қарағанда, былтыр алғашқы бес айда Ресей халқы 147,2 мың адамға қысқарған. Яғни, биылғы халық санының кемуі былтырғыдан 33 мың адамға көп. Ведомствоның мәлімдеуінше, 2019 жылдың алғашқы бес айында 600 мың адам туып, 780 мың адам өмірден озған. Бұдан бұрын РФ вице-премьері Татьяна Голикова Ресейде халық саны тоқтаусыз азайып жатқандығын айтып, дабыл қаққан болатын. Оның айтуынша, елде туу көрсеткіші едәуір кеміген, ал өлім-жітімді азайтудың амалы табылмай отыр.

А0парат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде