jasqazaq.kz

Ресейде халық саны азайып барады

03 шiлде 2019, 10:32

Ресейде 2019 жылдың төрт айында табиғи адам санының кемуі 149 мың адамды құраған. Бұл туралы сейсенбі күні РФ вице-премьері Татьяна Голикова «Западный» Солтүстік-Батыс федеральдық округі ғылыми-білім беру медициналық кластері мүшелерінің жиналысында мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Біз еліміздегі халық санынан айтарлықтай айырылып жатырмыз. Төрт айда халық санының табиғи кемуі 149 мың адамды құрап отыр. Бұл бізде туу көрсеткіші төмендегенін және адам өлімінің біз қалағандай қарқынмен азайып жатпағанын білдіреді», — деді ол. Вице-премьер Ресейдің көптеген өңірлерінің онкологиялық және жүрек-қан тамыр аурулары, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан болған өлім-жітімнің сыртқы себептеріне байланысты көрсеткіштерді саналы түрде төмендетіп көрсеткенін айтты. «Сапалы көрсеткіштер үшін еліміздің көптеген өңірлері үздік статистика көрсетті», — деп атап өтті Голикова.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі мен үкіметтің әлеуметтік блогы адам өліміне байланысты талдау жүргізілген жағдайларды сынға ала бастаған соң көрсеткіштер өсе бастаған. Ол осыған байланысты федералдық медициналық ұйымдардың жағдайды талдауға белсенді қатысулары тиіс екенін атап өтті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда