Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарға көрсеткіш. Осыған дейін барлығы 225 325 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұған дейін, Ресейде тәулігіне COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 1002-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.
«Өткен тәулікте 1015 өлім расталды… Ресейде пандемия басталғалы бері 225 325 адам қайтыс болды», — деді штаб журналистерге.
Атап айтқанда, Мәскеуде коронавирустан 73 адам, Санкт-Петербургте 68, Краснодар өлкесіндегі 40 өлім расталды.