jasqazaq.kz

Ресейде бір тәулікте коронавирустың рекордты көрсеткіші тіркелді

04 қараша 2020, 15:55

Ресейде бір тәулікте коронавирусты 19 768 адам жұқтырған. Бұл, пандемия баталғалы ең үлкен көрсеткіш.

Елде вирусқа шалдыққандар саны 1 693 454 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Коронавирусқа қарсы күрес жұргізу штабының мәліметінше, өсім 1,2 пайызды құраған. Тәулік ішінде өсім қарқыны төмен болған аудандар тізіміне Татарстан Республикасы мен Дағыстан Республикасы (0,5 пайыздан), Мәскеу облысы, Чуваш Республикасы (0,6 пайыздан), Ханты-Мансийск автономды өлкесі, Шешенстан Республикасы, Свердлов облысы және Марий Эл Республикасы (0,7 пайыздан) кірді. Тәулік ішінде Мәскеуде коронавирус жұқтырудың 5 826 оқиғасы, Мәскеу облысында – 569 оқиға, Нижегород облысында – 417, Архангельск облысында – 389, Ростов облысында – 309 оқиға тіркелген. Қазіргі кезде елде 397 306 адам ем қабылдап жатыр. Аурудан айыққан адамдардың саны тәулік ішінде 15 567-ге өскен, бұл – пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Инфекциядан барлығы 1 266 931 адам жазылып шықты. Ресейде коронавирус салдарынан қайтыс болған адамдардың саны тәулік ішінде 355-тен 389-ға дейін өскен. Жаңа инфекция салдарынан елде жалпы 29 217 адам көз жұмды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия