Ресейде белгісіз ер адам балабақшада атыс шығарды, төрт адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Ульянов облысында болды.
«Атыс балабақшада болды. Төрт адам қаза тапты», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Telegram 112 арнасының мәліметінше, белгісіз біреу түскі уақытта балабақшада екі бала мен тәрбиешіні өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнында қылмыстың себебі анықтап жатыр.