jasqazaq.kz

Ресейде баласын сатқан қазақстандық әйел ұсталды

28 ақпан 2021, 12:08

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды. Оның нәресте үшін 13 мың доллар алғанын Краснояр өлкесінің тергеу бөлімі хабарлады,- деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Тергеу барысында әйелдің Камбоджадағы арнайы процедурадан кейін жүкті болып, босану үшін Красноярскіге келгені анықталды. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық көмек көрсетілген. Ол жаңа туған нәрестесін бірден алаяқтарға тапсырған.

«2020 жылғы сәуірде әйел ұлын босанып, кейін баласына туу туралы куәлік алып, күдіктілерге сенімхат жазып берген. Осылайша Қазақстан азаматы іс жүзінде жаңа туған баласын сатып жіберген. Кейін ол Қазақстанға келіп, баланы бергені үшін 13 мың доллар мөлшерінде ақша алған», — деп хабарлады Краснояр өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша Ресей Мемлекеттік тергеу комитеті өкілдері.

Іс бойынша үш күдікті анықталды. Тергеушілер мәліметіне сүйенсек, баланы сатуға тәртіп сақшысы көмектескен. 33 жастағы ер адам ақша үшін бала көтеруге дайын әйелдерді тауып, кейін балаларын шетелдіктерге сатқан. Осылайша тоғыз сәбиді сатып үлгерген. Олардың бәрі қазір Сәбилер үйінде. Екі немесе одан да көп адамды дәрменсіз жағдайда сату дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия