
Мәскеу облысындағы Airbus A321 ұшағының жүгері алқабына қонған сәтінен видео пайда болды. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі ren.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ural Airlines авиакомпаниясының A321 ұшағы бейсенбіде Жуковский — Симферополь бағытында ұшып шығады. Ұшақтың бортында 226 жолаушы және жеті экипаж мүшесі болған.
Әуеге көтерілгеннен кейін, бірнеше минут өте топ болып ұшып бара жатқан құстарға тап болады. Қоғалтқышқа кірген құстар оның істен шығуына себепкер болады.
Әуе кемесінің командирі ұшақты жүгері алқабына қондыруға шешім қабылдайды. A321 қатты қону жасады. Ұшақ дөңгелексіз, қозғалтқышы өшірілген күйінде қонады.
Білікті ұшқыштардың арқасында адамдар аман қалды. Жолаушылар үрленетін пандустармен эвакуацияланды. Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаға 23 адам түскен, оның ішінде тоғызы балалар.