jasqazaq.kz

Ресейде абақтыдан бес адам қашып кетті

06 тамыз 2021, 13:16

Бүгін түнде Ресей Федерациясының Истра қаласында уақытша қамау изоляторынан бес адам қашып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарындағы мәлімет берушінің айтуынша, қашқындардың бірі «Мясная империя» компаниясының қожайыны Владимир Маруговтың өліміне айыпталған Александр Мавриди. Қашып кеткендер арасында Иван Цуркану, Александр Бутнару, Денис Грозаву және Николай Тетеря есімдері бар. Мәлімет берушінің айтуынша, айыпталушылар тұтқындау камерасында тамақ берілетін тартпаны сындырып, құлыпты ашқан соң, артқы есіктен шығып қашып кеткен. Полицейлер зардап шекпеген, қашқындардың қолында қару болмаған. Мәскеу облысы прокуратурасының өкілі Наталия Григорьеваның айтуынша, тексеру барысында Истра қалалық прокуратурасы түрмеден қашудың себептері мен мән-жайларын анықтап, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға берілмек.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия