jasqazaq.kz

Ресейде 700 га аумақта орман өртенді

28 тамыз 2018, 10:02

Орман өртімен күрес қызметкерлері Ресей аумағында 700 га жерді қамтыған 20-ға жуық орман өртімен арпалысып жатыр. Тәулік ішінде шамамен өрттің 50 ошағы ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте Ресейдегі орман өрттерін сөндіру қызметі 29 га аумақты шарпыған 44 орман өртін сөндірді. Мәскеу уақыты бойынша 28 тамыз күні сағат 00:00-де 705 га жерге тараған 19 орман өрті тіркелді. Арнайы қызмет өкілдері оларды сөндірумен белсенді түрде айналысты», — деді Өңірлік орман шаруашылығының диспетчерлік қызметіндегілер. Бір тәулік бұрын, 27 тамыз күні, өңірлерде 534 га аумақта бақыланатын 14 орман өрті тіркелді. Ал алыс және жетуге қиын жерлерде тағы да 64 орман өрті анықталды. Олардың жалпы аумағы 666,3 мың гектарға жетті. Өрт ошақтары Якутия, Красноярскі, Хабаровскі өлкелерінде және Магадан облысынан табылды. Қазіргі уақытта бақыланатын өрт ошақтарында 1 мыңға жуық адам жұмыс жасауда, 220 техника жұмылдырылды. Ал авиациялық мониторинг пен сөндіру жұмыстарына 49 әуе кемесі тартылды. Якутияда парашютист-десантшылар жұмыс жасауда.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді