jasqazaq.kz

Ресейде 45 жолпушысы бар автобус апатқа ұшырады

12 қараша 2018, 21:52

Новосібір облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста кемінде 45 Қазақстан азаматы отырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ТЖМ Бас басқармасының сайтына сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, халықаралық автобус Новосібірден Шымкентке бара жатқан.

«Жол апаты «Р-254″ федералды тас жолының 1368-ші шақырымында болған. Жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста 46 адам болған, оның біреуі жүргізуші. Барлығы да Қазақстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті», — делінген хабарламада. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жол сақшылары және аудан әкімшілігінің өкілдері келген. Көмек көрсету шараларына 24 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылған. Барлық зардап шеккендер Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қалған жолаушылар жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Актин» кафе қонақ үйіне эвакуацияланды. Содан кейін, барлық жолаушылар резервтегі автобуспен барар жеріне жеткізілді. «Омск қаласындағы өкілімізбен хабарластық, оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде