jasqazaq.kz

Ресейде 14 тіл жойылып кеткен

06 ақпан 2019, 11:21

Ресейде соңғы 150 жылда 14 тіл жойылған. Халықаралық «Ресейдегі байырғы халықтар тілдері жылының» ашылуына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Игорь Баринов осындай деректі келтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жаһандану үдерісі Ресей Федерациясын да шет айналып өткен жоқ. Ол ұсақ тілдердің жойылу қаупін арттырып отыр. Біздің филолог ғалымдарымыздың есебі бойынша, Ресейде 150 жылда 14 тіл өлген», — дейді Баринов. Байырғы халықтар тілдерінің халықаралық жылы 2019 жылдың 28 қаңтары күні Париж қаласында басталды. Ал жылдың Ресейдегі ресми ашылу салтанаты Юграда наурыз айында болады. БҰҰ деректеріне сүйенсек, әлемде байырғы халықтар өкілдерінің жалпы саны 370 миллион шамасында, олар 90 елде тіршілік кешіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде