jasqazaq.kz

Ресей ұшағын кімнің атып түсіргені белгілі болды

18 қыркүйек 2018, 15:20

Ресейлік Ил-20 ұшағын Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесінің C-200 зымыран кешені атып түсірген.

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. «Ил-20 ұшағын сириялық С-200 зымыран кешені атып түсірді, — деп хабарлады Конашенков. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ил-20 ұшағында болған 15 адам қаза тапты. Еске сала кетейік, мұның алдында БАҚ өкілдері ресейлік әскери ұшақты сириялықтар ұшырып түсірген болуы мүмкін екені жайлы хабарлаған еді. Ил-20 ұшағы 17 қыркүйекте кешкі уақытта жоғалып кеткен болатын. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарламасында ұшақтың Мәскеу уақыты бойынша сағат 23.00-де Сирия маңында жоғалып кеткені айтылады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, осы сәтте Израильдің төрт F-16 жойғышы Сириядағы нысандарға шабуыл жасаған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді