jasqazaq.kz

Ресей Қырғызстанның барлық қарызын кешірді

21 маусым 2017, 11:11

Қырғызстан мен Ресейдің қаржы министрлері Адылбек Касымалиев пен Антон Силуанов Қырғызстанның РФ алдындағы 240 млн АҚШ долларын құрайтын қарызын кешіру туралы хаттамаға қол қойды.

Қол қою рәсімі Мәскеуде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аясында жүргізілді. Қырғызстанның Қаржы министрі журналистерге 2012 жылдан бері Қырғызстанның Ресей алдындағы қарызы 488 млн долларды құрағандығын айтып берді. «2013 жылы 188,9 млн доллар қарыз кешірілді. Алайда, 300 млн доллар қарызды бөліп өтеуге келісілді. 2016-2017 жылдары 60 млн доллар есептен шығарылды. Енді, бізде 240 млн доллар қалып тұр еді және бұл сома бүгін қарыздық есептен шығарылды», — деді министр. Адылбек Касымалиев хабарлағандай, хаттама РФ мемлекеттік думасы ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу