jasqazaq.kz

Ресей төрт жылға Олимпиада ойындарынан шеттетілді

09 желтоқсан 2019, 17:31

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқарушы комитеті Ресейді төрт жылға Олимпиада ойындарынан шеттету туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Допингке қарсы агенттігінің басшысына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, Ресейдің Допингке қарсы агенттігі допинг ережелерін бұзып келген. Мұның алдында 25 қарашада WADA Ресейді төрт жыл бойынша халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айыруға кеңес берген еді. Сондай-ақ, Ресейдің Олимпиада комитетінің басшылығына (атқарушы комиеттің барлық мүшелерін қосқанда) төрт жыл бойы Олимпиада ойындарын көруге және онда қатысуға тыйым салу ұсынылған болатын. Енді WADA-ның бұл шешімі 21 күннен соң немесе Спорттық арбитраждық сот апелляцияны қараған соң ғана заңды күшіне енеді. Еске салайық, 2015 жылдың қарашасында WADA Ресейді допинг ережелерін бұзды деп айыптаған болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда