jasqazaq.kz

Ресей тауықтарынан қауіпті бактериялар табылды

09 маусым 2018, 19:51

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына бірқатар импорттаушылардың мал шаруашылығы өнімдерін импорттауға уақытша шектеулер енгізді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің енгізген шектеулеріне сәйкес, бес ресейлік экспорттаушылардың өнімдері қара тізімге ілінді.

Олардың бірі «Брянский бройлер» ЖШС, РФ бройлер балапанапың ұшасы. Аталған компанияның бұл өнімдерінен колиформ бактериялары табылып, жалпы бактериалды ластанудың болғаны белгілі болды.

Ал, «Инжавский құс фабрикасы» АҚ, РФ сондай-ақ «Приосколье» ЖАҚ тауық қанаттарынан, бройлер балапанапың ұшасынан, терісі бар жамбас етінен сальмонелла, колиформ бактериялары табылып, жалпы бактериалды ластану болғаны анықталды.

Сонымен қатар, «Чебаркульская птица» ЖШС, РФ бройлер балапанының еті, тауық қанаттарынан сальмонелла және колиформалық бактериялар табылса, «Царицыно» ААҚ РФ Царицыно тауық шұжықшасы (сосиска) мен «Чесночек» пісірілген шұжығының құрамынан шошқа ДНҚ-сы анықталды.

Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдің бақылаушы органдарына тиісті өтініш жіберді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде