jasqazaq.kz

Ресей нөмірлі «Газельді» жалға алып, біреуге сатып жіберді

16 қараша 2021, 10:42

Нұр-Сұлтанда полиция жалға алынған көлікті сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны өзіне таныс емес ер адамның көлігін алдау арқылы иемденгені туралы арызданған. Тергеу барысында 29 жастағы ер адамның екі айға жалға бер деп, танысынан ресейлік нөмірлі «Газель» автокөлігін алғаны анықталды, – деп жазады ҚР ІІМ ресми сайты.
Ақшасын бірнеше күннен кейін беруге уәде берген ол көлік кілтін алып, жоғалып кетті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде ер адамның тұрғылықты жері анықталып, ұсталды. Көлікті сатып үлгергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азаматтың елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде