
Қостанай соты 73 жастағы Ресей азаматын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол бірнеше жыл бойы екі елде, яғни Ресей мен Қазақстанда зейнетақы алып отырған. Әжей шартты түрде үш жылға сотталды деп хабарлайды NUR.KZ.
Іс құжаттарына сәйкес, әжей заңсыз әрекет істеп отырғанын біле тұра, осындай қитұрқы әрекеттерге барған.
Ол 2000 жылдан бері Ресейдің Челябі облысының Зейнетақы қорында тіркеуде болып, өзіне тиесілі зейнетақысын алып отырған. Сондай-ақ, 2003 жылы Қазақстандағы зейнет жасы жеткенде осындағы қызметкерлерді алдап, зейнетақы алу жөнінде өтініш берген.
Осылайша, әжей екі елде де зейнетақы ала бастаған. Қазақстанда 15 жылдай оған 4 миллион теңге көлемінде зейнетақы төленіп келген.
Сот әжейден төрт миллион теңгені өндіріп алды.