jasqazaq.kz

Ресей қазақтарының кіші құрылтайы өтіп жатыр

08 желтоқсан 2018, 16:23

Биыл Ресей қазақтарының кіші құрылтайы Омбы қаласының төрінде өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар-24.

Алқалы жиында Елбасының биылғы жолдауы, көрші мемлекеттегі бауырларымызға мәдени-рухани жәрдем беру, оқу білім жағынан қолдау көрсету сынды мәселелер қаралды. Ресейдің Омбы облысы — қазақтардың көптеп қоныстанған өңірлерінің бірі. Оның үстіне Қазақстанмен шекаралас аймақта орналасқан. Яғни, «ауылы аралас, қойы қоралас». Жалпы, Ресей қазақтарының кіші құрылтайы бұдан былай жыл сайын ұйымдастырылып тұратын болады. Ал соңғысы осыдан үш жыл бұрын Саратов қаласында өткен еді. Ал бүгінгі жиынға Ресейдің 25 өңірі мен Қазақстанның бірнеше облыстарынан делегаттар қатысып, аса маңызды деген мәселелерді талқылап жатыр. Болашақта енді зерттеу жұмыстарымен айналысуға ден қойылмақ. Батырхан Жұмабаев, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары: — Алға қойған мақсат — 2019-2021 жылдары елімізден тыс, сыртта жатқан тарихи тұлғаларымызға байланысты қасиетті орындарды дәріптеу, зерттеу. Атап айтатын болсам, енді бәріміз білетін Астраханьда атақты күй атасы Құрманғазымыз бар. Жақында ғана Ялтада Байдолла Бөкеев деген Жәңгірханның баласы бар. Ол тұңғыш генарал болған. Түмен облысында Ишим қаласында Баубек батырымыз бар. Соның барлығын толыққанды зерттеуге осы қауымдастық себепкер болып және осындағы Ресейдегі қазақтар өз көмегін тигізсе екен деп келіп отырмыз»,- дейді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Батырхан Жұмабаев. Бүгінде Омбы облысы — қазақилықтың қаймағы бұзылмаған өңір. Қазір мұнда 100 мыңға жуық қандасымыз тұрады. Әдет-ғұрпымыз бен мәдениетімізді сақтап қалуға барлық жағдай жасалған. Тіпті ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін бірнеше орталық та бар. Ал мұндағы мектептерде қазақ тілі пәні шеті тілі ретінде оқытыла бастаған. Айта кетсек, аталған шараны өткізуге «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мұрындық болып отыр.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді