jasqazaq.kz

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан аса уақыт бойы зейнетақы алып келген

23 қыркүйек 2021, 17:28

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан аса уақыт бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Көші-қон қызметі 1999 жылы Ресей азаматтығын алған, бірақ Қазақстанда 20 жылдан аса тұрып, жұмыс істеген 73 жастағы ер адамның жеке басын анықтаған. 2011 жылы жас шегіне жеткенде, Ресей азаматы біздің елде зейнетақы алуға өтініш білдірген.

«Қазіргі уақытта заңсыз алынған ақшалай қаражатты қайтару мәселесі қарастырылып жатыр, тәртіпбұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы («Азаматтық туралы Заңды» бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді баспасөз қызметі өкілі.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Шығыс Қазақстан облысы аумағында қос азаматтығы бар 60-тан аса құқықбұзушыны анықтаған. Көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заң талаптарын орындауды сұрайды.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия