jasqazaq.kz

Ресей азаматы елімізден 6 жыл зейнетақы алып отырған

17 қараша 2021, 17:08

Шығыс Қазақстан облысында алты жыл бойы ҚР зейнетақысын алып отырған шетелдік азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашада Шемонаиха ауданының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстырып-тексеру жүргізу кезінде аудан орталығыны тұрғыны Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды.

Ер адам 2005 жылы Алтай аймағында Азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын рәсімдегені белгілі болды. Алайда, өзге мемлекеттің азаматтығын алу фактісі туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабарламаған. Ресей азаматы бола отырып, ол алты жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы жасына жеткеннен кейін зейнетақы алып отырған.

– Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтықтан айырылу тіркелді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажеттігі туралы азаматтарды хабардар етеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық