jasqazaq.kz

Ресей азаматы Астана әуежайында есірткі алып өтпек болған

17 қазан 2018, 12:55


Көлік полицейлері Астана халықаралық әуежайында есірткі затының контрабандасы үшін Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Көліктегі ІІД-нің қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласының халықаралық әуежайында «Астана-Мәскеу» бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталынып, одан жалпы салмағы 17,308 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленіп алынды және бұл есірткі затын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз алып өтпек болған. Аталған факті ҚК-тің 286-бабы 1-тармағымен (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелінді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық