jasqazaq.kz

Ресей азаматы 5 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алған

08 маусым 2022, 16:27

Ресейлік азаматша бес жыл бойы қазақстандық зейнетақы алып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде 1 маусымда көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтады. Тәртіп бұзушыны Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру кезінде анықтау мүмкін болды.

Тәртіп сақшылары 64 жастағы әйелдің 17 жылдан бері көрші елдің азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып жатып, 5 жыл бойы қазақстандық зейнетақы алып жүргені анықталды.

– Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айрылды және заңсыз алынған ақша қаражатын қайтару мәселесі қарастырылуда, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО аумағында құқық қорғау органдары қос азаматтығы бар 35-тен астам құқық бұзушыны анықтады. ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде