jasqazaq.kz

Ресей азаматы 30 жыл бойы Семейде жасырынған

28 қыркүйек 2021, 14:36

74 жастағы Ресей Федерациясының азаматы 1992 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ол осы уақыт аралығында Шығыс Қазақстан облысында жалған есіммен өмір сүрген.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Іздеу» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алынған ақпараттың арқасында қылмыскердің ізіне түсуге мүмкін болды.

«Семей қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылдай құқық қорғау органдарынан жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Бұл азамат 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған», — делінген департаментте.

Қашқынның күйеу баласын өлтіргені үшін іздеуде болғаны анықталды. 30 жыл бойы ол жалған есіммен әйелмен бірге өмір сүріп, өзі туралы нақты ақпаратты жасырған. Ер адам өз үйінде ұсталды.

«Қазіргі уақытта қылмыскерді Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», — деді департамент басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия