jasqazaq.kz

Ресей азаматы 17 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

28 ақпан 2022, 10:47

Ресей азаматы 17 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері заң бұзушыны Семей қаласында ұшақ билетін сатып алған кезде анықтаған.

76 жастағы облыс тұрғыны ҚР заңнамасына қарама-қайшы екенін біле тұра, 2001 жылы Қазақстан азаматтығымен қатар Ресей Федерациясының азаматтығын алған. РФ азаматының паспортын алғаннан кейін ол ішкі істер органдарына Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырмай, осы жолы да Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі әуе билетін сатып алған. Оның үстіне, зейнет жасына жетіп, ол 17 жыл бойы қазақстандық зейнетақыны алып келген.

«Қазіргі уақытта ҚР азаматының құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін оны ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін азаматтарға ескертеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық