jasqazaq.kz

Ресей АҚШ-тың 60 дипломатын елден шығарды

30 наурыз 2018, 18:43

Ресей үкіметі Санкт-Петербург қаласындағы АҚШ елшілігін жапқаннан соң, америкалық 60 дипломатты елден шығарды. Оның 58-і Мәскеудегі, 2-уі Екатеринбургтегі өкіл ретінде қызмет атқарған. Енді бәрі «нон грата тұлғасы» деп жарияланып, «елші статусына сай емес болғандықтан», 5 сәуірге дейін тез арада Ресей аумағынан кетуі тиіс. Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі РФ СІМ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл шешімді жариялау үшін АҚШ елшісі Джон Хантсманды шақырған.

Еске сала кетсек, мұндай шара 4 наурызда уланған БТБ экс-полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға қатысты істен соң орын алып отыр.

Британия Ресей елшілерін қуып жіберген соң, жауап ретінде Мәскеу 23 елшіні қызметінен босатып, Британия институттарын жапты. РФ президенті Владимир Путин өз еліне тағылған айыпты түгел жоққа шығарды. Сергей Лавров әлемдік Ресей елшілерін қуу процесі үшін әр елдің жауап беретінін айтты.

АҚШ елшілерінің Ресей жерінен шығарылуын Вашингтон Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Науэрт «аяныш тудыратын оқиға» деп бағалады.

«АҚШ Мәскеу елшілерін шығарса, оған негіз бар. Жүйке-паралитикалық газ тек Ресей жерінде ғана жасалады. Ал біздің елшілерді қуу – негізсіз әрекет, сондықтан жауап беру құқығымыз бар», — деді Науэрт.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Ресейдің бұл шешімі Мәскеу-Вашингтон қарым-қатынасына сызат түсірді дейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық