jasqazaq.kz

Редакцияға жасалған шабуылдан бес адам өлді

29 маусым 2018, 12:38

Редакцияға жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты АҚШ-та Capital Gazette редакциясына жасалған шабуыл кезінде бес адам қаза тапты.
КТК хабарлағандай, оқиға АҚШ-тың (Мэриленд штаты) Аннаполис қаласындағы көне басылымдардың бірі — Capital Gazette бас кеңсесінде болған. «Бес адам қаза тапқаны бізге мәлім болды. Сондай-ақ бірнеше адам ауыр жарақат алды», — деді округтік полиция. «Ол біздің редакциядағы бірнеше адамды мерт етті. Көп нәрсе жазғым келмейді, бірақ бұл бізге өте ауыр соққы болды. Ең қиыны адамдарға оқ жаудырып жатқанын үстел астында жасырынып отырып есту еді. Тіпті ол қаруын қайта оқтап жатқаны да анық естіліп тұрды», -деп жазды журналист. «Бес адам қаза тапты, тағы бірнешеуі ауыр жарақат алды. Оқ атқан адам ұсталып, қамалды. Одан жауап алынды», — деді полиция басқармасының басшысы Стивен Шу. Шабуыл жасалған жерде жарылғышқа ұқсас зат табылған. Стивеннің айтуынша, бұл заттың қандай құрылғы екендігіне қатысты нақты мәлімет жоқ. Ол мұның тез тұтанатын сұйықтық құйылған ыдыс болуы мүмкін екендігін атап өтті, тіпті бензин болуы да мүмкін.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді