jasqazaq.kz

«Реанимацияға түскендер саны үш есеге артты»

22 шiлде 2021, 15:58

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада коронавирус жұқтырғандардың күрт өскенін хабарлады. Оның сөзінше, мегаполисте тәулігіне мыңға жуық адамнан қауіпті дерт анықталып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін Ержан Бабақұмаров қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев, мегаполистің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, аудандық әкімдіктер мен департамент өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Әкім орынбасары індеттің өршуіне байланысты қосымша төсек орнын көбейтуді тапсырды. Қазіргі уақытқа дейін Алматыда 86 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны, соңғы тәулікте бұл көрсеткіштің 993 жағдайды құрағаны айтылды. Тәулігіне қалада 400-ден астам науқас ауруханаға жатқызылуда, ал медициналық мекемеден шығатындардың саны бұдан екі есе аз. Бүгінде ауруханаларда 3099 науқас жатыр. Олардың 228-і жан сақтау бөлімінде.

Шілде айында реанимациядағы науқастардың саны үш есеге, ал үй карантинінде жатқандардың саны алты есеге артқан. Қазіргі уақытта ауруханалар 50 пайызға толған. Сондықтан резервтік қордан төсек орнын көбейту туралы шешім қабылданды. Коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб маска режимін бұзбауды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға бармауды еске салды. Одан бөлек, жиын барысында вакцинация мәселесін кейінге қалдырмау мәселесі ерекше қозғалды. Себебі, екпе инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі, дейді мамандар.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия