jasqazaq.kz

«Реалдың» тағы үш футболшысы «Ювентуске» ауыспақ

22 қараша 2018, 14:37

Мадридтік «Реал» жақын арада бірнеше футболшысынан айырылуы мүмкін, олар Криштиану Роналдудың артынан туриндік «Ювентуске» ауыспақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Eurosport мәліметінше, мадридтіктер сапынан қорғаушы Марсело, жартылай қорғаушы Лука Модрич (2018 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы), шабуылшы Марко Асенсио және қақпашы Кейлор Навас кетуге дайындалып жүр. Еске салайық, Роналдудың трансферіне «Ювентус» 100 миллион еуро және қосымша шығын үшін 12 миллион берді. Португалиялық «Реал» сапында 2009 жылдан ойнап, 438 матчте 451 гол салды. Клуб тарихындағы үздік бомбардир атанды және төрт рет Чемпиондар лигасын ұтқан болатын. Жоғарыда аталған футболшылардан ең бірінші болып кетуге дайын жүрген Марсело. «Реал» сапында Роналдумен аралас-құралас болған, сондықтан бұл түсінікті де. Бразилиялық Мадридтен жалығып, досын сағынған сияқты. Бір орында 10 жыл тым көп, әсіресе, қызу қанды латынамерикалықтар үшін. Әрине ресми түрде Марсело мұны жоққа шығарып отыр, алайда, қорғаушыны алып қалу үшін «Реалға» күш салу қажет. Келесі — Модрич. Хорват «Ювентустың» негізгі нысаны. Біріншіден, Лукаға «Интер» де қызыққан болатын. Екіншіден, әлемдегі ең мықты жартылай қорғаушыларды жинақтау үшін. Үшіншіден, өз сапынан Чемпиондар лигасының тағы бір жеңімпазын көру үшін. Асенсио мадридтіктер сапында дамымай жүргенін және Роналдудың орнын баса алмайтынын өзі де сезуде. Сондықтан ең абзалы Италияға барып, күш жинаған соң дайын көшбсшы ретінде қалаған жағыңа бару. «Ал Кейлор Навастың ұмтылысы әбден түсінікті. Ол мадридтіктерді үш Чемпиондар лигасында алып шықты, ал оны болса жақсы жарнамаланған Тибо Куртуамен ауыстыра салды. Енді Кейлор «Ювентусқа» сұранып отыр, алайда, ол Аллергиге қажет пе белгісіз», — делінген ескермеде.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді