jasqazaq.kz

«Реал» жақын арада Моуриньюмен келісімшартқа отырады

08 наурыз 2019, 15:27

Мадридтік «Реал» 10 наурызда португалиялық бапкер Жозе Моуриньюмен келісімшартқа отырады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz испаниялық AS газетіне сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша, клуб басшылығы Моуриньюдің агентімен келіссөз жүргізген. «Реалдың» президенті Флорентино Перес қазіргі бапкер Сантьяго Солариді тезірек қызметінен босатпақ. Перес Испания чемпионатының 27-турында «Вальядолидке» қарсы ойында Соларидің бапкер болғанын қаламайды. AS мәліметіне сүйенсек, «Реал» командаға Зинедин Зиданның оралғанын қалаған. Бірақ француз бапкерін бұл ұсыныс қызықтырмаған. Бұған дейін британиялық The Telegraph Моуриньюдің Мадридке оралу мүмкіндігі жоғары екенін хабарлаған еді. Еңбек келісімінің қанша жылға жасалатыны белгісіз. Португалиялық маман «Реалда» 2010-2013 жылдар арасында жұмыс істеген болатын. Биылғы маусымда «Реал» Чемпиондар лигасы мен Испания кубогынан ұшып кетті. Сондай-ақ, ұлттық чемпионатта үшінші орында келеді. Команда көш басындағы «Барселонадан» 12 ұпайға қалып тұр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда