jasqazaq.kz

«Реал» Мбаппені сатып ала ма?

26 наурыз 2019, 12:58

Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппені Мадридтің «Реалы» сатып алмақ, деп хабарлайды France Football.

Басылым мәліметінше, «Реал» басшылығы футболшының трансфері бойынша келіссөздер бастап, ол үшін 280 миллион еуро беруге дайын. Франциялық футболшыға клуб басшысы Флорентино Перес пен бас бапкер Зинедин Зидан қызығып отырғанға ұқсайды. Айта кетейік, «Реал» Мбаппемен 2017 жылы келісімшарт жасасуға дайын еді, алайда ол кезде ойыншы париждік клубты таңдаған болатын. AS.com мәліметінше, Мбаппенің өзі ПСЖ-ның Чемпиондар лигасы 1/8 финалынан шығып қалғаны мен «Марсельмен» ойынға кешіккені үшін салынған 180 мың еуро айыппұлға қатты наразы екен. Егер Мбаппе «Реалға» өтуге келіссе, оның трансфері футбол тарихындағы ең қымбаты болады. 2017 жылы Неймар «Барселонадан» ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысып, тарихи рекорд жасаған. Биылғы маусымда Мбаппе Франция чемпионатындағы ПСЖ үшін 23 матчта 26 гол салып, он нәтижелі пас берді. Өткен жазда Франция құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатын ұтып, ең үздік жас ойыншы атанған. CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының тұжырымы бойынша, Мбаппе әлемнің ең қымбат ойыншысы деп танылып, трансферлік құны 2016,5 миллион еуроға бағаланған, деп жазады vesti.kz.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты