jasqazaq.kz

«Реал Мадрид» жаңа маусымда қоқыстан жасалған жейдемен ойнайды

07 тамыз 2018, 12:27

Кеше Нью-Йорк қаласында Испанияның «Реал Мадрид» клубы және «Адидас» компаниясы команданың 2018/19 жылғы маусымда киетін жейденің үшінші — қызғыш түсті топтамасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жейделерді «Адидас» компаниясы әлемдік мұхиттың пластиктен ластануынан қорғау жөніндегі Parley ұйымымен бірлесе отырып шығарған. Жаңа типтегі жейделерді тігу үшін шикізат ретінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауларынан жиналған пластик бөтелкелер, бір реттік ыдыстар, пакеттер, т.б. қоқыстар пайдаланылған. «Біз Parley жейделерімен ойнау туралы алғаш рет 2016 жылы келісім жасасқан болатынбыз. Енді жаңа маусымда осы жейделерді пайдаланамыз. Біз қоршаған ортаның ластануы проблемасына мұқият қарауымыз қажет», — дейді клубтың институтаралық байланыстар жөніндегі директоры Эмилио Бутрагеньо. Жаңа жейделер клубтың ресми сайтында 89,95 АҚШ долларымен сатылып жатыр. Ал әйелдерге арнап тігілген нұсқасы — 79,95 доллар, балалар жейдесі 64,95 доллар тұрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде