jasqazaq.kz

«Реал» клубы футбол тарихындағы ең қымбат ойыншыны 160 миллион еуроға сатып алмақшы

25 шiлде 2017, 18:17

«Реал» клубы «Монаконың» форварды Килиан Мбаппені сатып алуға келісті. Мадридтік клуб монаколық футболшы үшін 160 миллион еуро төлейді. Тағы 20 миллион еуроны «Монако» бонус ретінде алуы мүмкін.

Тағы бір мәлімет бойынша, «Реал» бастапқыда 150 миллион еуро төлеп, қалғанын 30 миллионды бонус ретінде беруі мүмкін. Осылайша монаколық футболшы футбол тарихындағы ең қымбаты ойыншы болуы мүмкін. Әзірге рекордтық сома Поль Погбаға тиесілі. Өткен жылы «Ювентус» клубы футболшыны «Манчестер Юнайтед» клубына 105-110 миллион еуроға сатып жіберген болатын. «Реал» мен «Монако» ресми түрде келісімшарт жасасқан уақытта, Мбаппе мадридтік клуб сапында алты жылдық келісімшартқа қол қояды. Оның жылдық табысы 7 миллион еуро болады. Бұл салықтан кейінгі түсетін сома. Екі жақ келісімшартты жақын күндері жасамақшы.

tengrinews.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі