jasqazaq.kz

«Реал» футболшылары «Валенсиядан» басым түсті

09 қантар 2020, 13:08

«Реал» Испания суперкубогінің финалына шықты. Зинедин Зидан шәкірттері жартылай финалда 3:1 есебімен «Валенсиядан» басым түсті. Сауд арабиясында өткен матчтың 15-минутында Тони Кроос есеп ашты. «Валенсия» қақпашысының қателігін ұтымды пайдаланған ол алаң бұрышынан қақпаны дәл көздеді. Тайм соңына қарай Иско нәтижені еселей түсті. 65-ші минутта Лука Модрич үшінші голдың авторы атанды. «Валенсия» жалғыз голмен жауап қатты. «Реалдың» финалдағы қарсыласы «Барселона» мен «Атлетико» арасында анықталады. Суперкубоктің шешуші ойыны 12 қаңтарда өтеді. Испания суперкубогының екінші жартылай финалында «Барселона» мен «Атлетико» кездеседі. Қаржы табуды көздеген испан футбол федерациясы ла лигадағы төрт мықты арасында шағын турнир ұйымдастырды. Бұл жолы Сауд Арабиясы қонақжай қылық танытып, Жидда қаласында суперкубок жарысын қабылдады. «Атлетико» чемпионатта кеткен есені суперкубок бәсекесінде қайтарсам дейді. Ла лигадағы соңғы ойында «Барселона» Мадрид командасынан 1:0 есебімен басым түскені белгілі. Жалғыз голды Лионель Месси соққан болатын. Бұл жолы да Каталония клубы аргентиналық футболшыға сенім артады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде