jasqazaq.kz

Ratel.kz мен Forbes-тің журналистеріне куәгер мәртебесі берілді

04 сәуiр 2018, 14:54

Ratel.kz және Forbes интернет басылымдарының ұсталған журналистеріне куәгерлер мәртебесі берілді.

Олар қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесімен тіркелді. «Іс фигуранттарынан жауап алынды. Олар Алматы қаласы ішкі істер департаментінің тергеу амалдарынан кейін жіберілді. Осы іс бойынша ешкім қамауға алынған жоқ. ҚазАқпарат хабарлағандай, Қазір іс фигуранттары қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесімен тіркелген», — деп мәлімдеді Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Бұдан тыс, құқық қорғаушылар әлеуметтік желідегі ақпаратты қайта жарияламауға шақырып жатыр. «Алматы қаласының ІІД іс бойынша шаралар заңнама және азаматтар құқықтарын қатаң сақтай отырып жүргізіліп жатқанын мәлімдейді. Кейбір БАҚ-та құқық қорғау органдарының әрекеттері туралы қарама-қайшы ақпараттар жарияланған. Осыған байланысты әлеуметтік желіден алынған ақпараттарды жариялауға сақ болуға және алынған ақпаратты Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен нақтылап алуға шақырамыз», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде