jasqazaq.kz

Рамазан айы – рухани жаңғыруға мүмкіндік

20 наурыз 2023, 17:03

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурызбай қажы Тағанұлы «Қасиетті Рамазан айы — сауап жасау, рухани тұрғыдан өз-өзіңді жаңартуға мүмкіндік айы» екенін еске салды.

Қасиетті Рамазан айы биыл наурыздың 22-нен 23-не қараған түні болып белгіленді.
Пітір садақасы жан басына — 535 теңге.

Сәуір айының 17-нен 18-не қараған күні – қасиетті Қадір түні.
21 сәуір — Ораза айт.
Биыл Қасиетті айда «Зекет және қайырымдылық» қоры бірнеше қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәберік» шаралары өтеді.

Сондай-ақ Наурызбай қажы барша қазақстандықтарға өз тілегі мен үндеуін жеткізді.
«Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы ас кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей, — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Діни ақпарат беру орталығы Рамазан айына байланысты, не болмаса қандай да бір діни сауалдар туындаса, сұрақтарға жауап беруге дайын. Тұрғындардың сауалдарына жауап беретін орталықтың нөміріне 8 707 233-30-30 ұялы байланыс арқылы хабарласуға болады.

JQ-Aqparat

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова