jasqazaq.kz

Рахман Омаровтың бұрынғы зайыбын өлтірген әйел cотталды

24 желтоқсан 2018, 14:13

Актер Рахман Омаровтың бұрынғы зайыбын өлтірді деген күдікпен ұсталған әйел 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Судья 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменованы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен, 24-бабының 3-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сот Ақтолқын Сүлейменованы жәбірленуші тарапқа 4,5 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге талап қойды. Сондай-ақ, 2 млн 154 мың теңге көлемінде сот шығындарын төлеуге міндеттеді. Айта кетсек, қайғылы оқиға 2018 жылдың маусымында болған еді. Гүлдерайым Омарова Ақкент шағынауданындағы пәтерін жалға беріп келген. Маусымның 26 күні ол жалға алу ақысын алу үшін пәтер жалдаушыларына барған. Сол кезде пәтер қожайыны мен жалдаушылар арасында кикілжің туындаған. Дау-дамайдың арты қайғылы жағдайға ұласқан. Екі әйел Гүлдерайымға бірнеше жерінен пышақ салған. Ол сол жерде алған жарақатынан көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде