jasqazaq.kz

Радикалды ислам бағытындағы мыңнан астам балабақша анықталған

30 қыркүйек 2018, 15:57

Алматы және Атырау қалаларында радикалды ислам дінін насихаттайтын балабақшалардың бар екені анықталған. Онда балаларға 4 жастан бастап сүре жаттатылса, 6 жастан намаз оқуды үйреткен екен. Бұл туралы Еуразия 1 арнасы хабарлайды.

Аталмыш балабақшалар Алматы және Атырау қалаларынан табылыпты. Қазіргі таңда радикалды ислам бағытын насихаттаған балабақшалардың дені жабылған көрінеді.

Қоғамдық даму министрі Берік Арынның айтуынша, діни бағытты ұстанатын балабақшаларға барған балалардың ата-аналары да діни секталардың мүшелері екен. Жалпы, мұндай балабақшаларға бөбектерді беру де қиын екен.

Себебі, мұндай мектепке дейінгі оқу орындары өз бағыттарын жасырып, тек аз ғана орта арасында ұстанатын бағыттары жайлы айтатын көрінеді. Өкініштісі, былтырғы жылдың өзінде радикалды ислам бағытын балаларға насихаттайды деген күдігі бар мыңнан астам балабақша анықталыпты. Онда 30 мыңнан астам бөбек тәрбиелеген көрінеді.

«Өкінішке орай мұндай балабақшалар тез ашылады. Мысалы, Алматыда осындай жекеменшік балабақша анықталды. Онда көптеген балалар тәрбиелеп келген. Мұндай мектепке дейінгі оқу орнына баратын бөбектердің көпшілігі республиканың басқа аймақтарынан келген балалар»,-дейді министрліктегі мамандар.
Қазіргі таңда үкімет радикалды ислам бағытымен күресу мақсатында, заңды күшейтуді көздеп отыр. Заң жобасы әзірге парламент палаталарында қаралып жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді