jasqazaq.kz

ҚР СІМ Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады

31 шiлде 2017, 14:27

Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, jasqazaq.kz. хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 28 шілдедегі Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын үзілді-кесілді батыл айыптайды. Мұндай іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қараларын өрескел бұзушылық болып табылады, бейбітшілікке қауіп төндіреді, сондай-ақ және Шығыс Азия өңірінде және жаһандық ауқымда жағдайды ұшықтырады. ҚХДР-дың жауапсыз саясаты ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне теріс әсер етеді, болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық күш-жігерге зиян келтіреді. ҚХДР-ды өз халқының қауіпсіздігі мен дамуы, сондай-ақ бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға табанды түрде шақырамыз», — делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде