jasqazaq.kz

Р.Дәленов: Жәрдемақының қазіргі мөлшері, әрине, жеткіліксіз деп ойлаймын

26 ақпан 2019, 11:24

Руслан Дәленовтің пікірінше, жәрдемақының қазіргі мөлшері жеткіліксіз. Жаңадан тағайындалған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету ведомствоның басты мақсаты екенін мәлімдеді.
Sputnik хабарлағандай, «Біздің мақсат – экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету. Сапа болса, бәрі жақсы болады. Халықтың қалтасы үнемі қалың болуы керек. Бұл үшін біз жұмыс істейміз», — деп сендірді Дәленов үкімет кулуарында.
Жаңа министр көлеңкелі экономиканы төмендету үшін салық кодексіне өзгерістер енгізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, журналистер одан көп балалы аналарға арналған жәрдемақы туралы да сұрады. Қазір есептеулер жүргізіліп жатыр. Арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді. Жуырда жәрдемақының мөлшері жария етіледі. Жәрдемақының қазіргі мөлшері, әрине, жеткіліксіз деп ойлаймын», — деді ол.
Сондай-ақ Дәленов бұрынғы басшысы, экс-министр Тимур Сүлейменовтің қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз екенін және оның жақсы министр болғанын айтты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық