jasqazaq.kz

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

17 мамыр 2022, 12:10

Алматы полициясында Qnet желілік компаниясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Qnet компаниясының қызметіне қатысты Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Полиция өкілінің айтуынша, тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

«Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасына сайкес кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Компанияның банктік және инвестициялық қызметке лицензиясы мен рұқсаты жоқ»,- деді ол.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым тіркелген.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр