jasqazaq.kz

«QDigitalInform» аумағын кеңейтуде: цифрландыру бойынша семинар Оралда өтеді

27 қараша 2018, 23:29

Қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аумағын кеңейтуде. Жоба аясында а.ж. 28-29 қарашасында Орал қаласында «QDigitalInform» семинары өтеді.
Блокчейн технологиясы тауар және қаржы ағындарын, логистиканы, мемлекеттік институттардың жұмысын бақылаумен қатар, бизнес пен мемлекетті басқару саласында заманауи нәтижелі шешімдерін енгізуге ықпал етеді. Блокчейн технологиясы мен электронды үкіметтің өзге де мүмкіндіктері туралы семинар қатысушыларына «ҰАТ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Назгүл Нұрымова айта кетеді.
Шараны Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырады.

Анықтама үшін:
«QDigitalInform»  қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.

Уақыты: 28-29 қараша 2018 жыл, сағат 10:30-да (Астана уақыты бойынша)
Орны: Орал қаласы, Оқушылар сарайы, Московская к-сі 18

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді