jasqazaq.kz

Qazkom банктік лицензиясын өткізеді

16 маусым 2018, 1:10

Qazkom банктік лицензиясын өткізеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Halyk Bank басқарма басшысы Үміт Шаяхметова мұны «екі банктің бірігуінің тарихи процесіндегі жоспарлы меже» деп атады.

«Бұл сәттің маңызын толық түсінеміз, сондықтан Qazkom клиенттері тек жақсы өзгерістер көруіне күш салып жатырмыз. Қос банктің командалары операциялардың Халық банкінде шоғырландыруда бірнеше ай еңбектеніп жатыр. Халық банкі Qazkom клиенттері мен контрагенттері алдындағы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Клиенттер есебі өткізілгеннен кейін Qazkom-ға банктік лицензия қажет емес. Сондықтан оны өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл активтер біріккеннен кейін болады, оған дейін Qazkom жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады» — дейді Үміт Шаяхметова. 2018 жылдың 14 маусымындағы Qazkom акционерлерінің кезектін тыс жиналысында лицензияны Халық банкіне ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылданды. Мұның алдында ҚР Ұлттық банкінен Qazkom-ды ерікті түрде Халық банкіне қосу туралы рұқсат алынған. «Qazkom барлық мүдделі тұлғаларға банк қызметі өткізу актісіне қол қойылғанша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлауды керек деп тапты. Осы уақыттан кейін Qazkom банкінің барлық құқықтары мен міндеттері Халық банкіне өткізеді. Halyk Bank белгілі уақытқа «Казкоммерцбанк / Qazkom» брендін сақтай отырып, банк клиентері мен серіктестеріне қалыпты режимде қызмет көрсетеді», — деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері. 2018 жылдың 20 сәуірінде екі банк акционерлерінің біріккен жиналысында Халық банкіне қосылу туралы шешім қабылданған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді