jasqazaq.kz

Qazkom акциялары Халық банкіне 1 теңгеге сатылады

15 маусым 2017, 16:08

Қазкоммерцбанктің ірі акционерлері Халық банкімен сату-сатып алу келісімшартына қол қойды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Казкоммерцбанк» АҚ («Казкоммерцбанк») бүгін Кеңес Рақышев пен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ («Халық банкі») арасында, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ («Самұрық-Қазына») мен Халық банкі арасында сату-сатып алу келісімшарттарына қол қойылған. «Осы шартқа сәйкес Рақышев пен Самұрық-Қазына қоры өздеріне тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялары пакетін Халық банкіге әр пакетін 1 теңгеге сататын болды. Аталған сату-сатып алу келісімшарттарына қол қою 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және Қазкоммерцбанк пен Рақышев мырзамен қол қойылған Шекті Келісіммен қарастырылған», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, банк өкілдері осы мәміленің аяқталуы алдын ала қарастырылған бірқатар шарттардың орындалуына байланыстыекенін айтып өтті. Олар: «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның «БТА Банк» АҚ-нан жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы; БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 триллион теңге шамасында ссудалық берешегін өтеуі; Субханбердин мырзаға және «Орталық-Азия инвестициялық компаниясы» АҚ-на тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін Рақышев мырзаның сатып алуы және кейін оларды Халық банкіге сатуы және Қазақстанда бақылаушы органдардан стандартты және қолданылатын өзге де заңды рұқсаттарды алуы. Мәміле жабылған соң Халық банкі 96,8 пайыз үлесімен Қазкоммерцбанктің негізгі акционері болатыны айтылады. Банк өкілдерінің айтуынша, мәміле 2017 жыл ішінде аяқталады деп болжанып отыр.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу