jasqazaq.kz

QazCoVac –P клиникалық сынаманың жаңа сатысына көшті

19 қазан 2021, 21:05

QazCoVac -P вакцинасын өндірушілер клиникалық сынаманың жаңа сатысына көшті. Короновирусқа қарсы препарат Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында дайындалуда. Зерттеу жұмысы маусымда басталған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Ғылыми-зерттеу институтында QazCoVac –P вакцинасымен қоса, тағы векторлық екі вакцина және әлсіздендірілген тірі микроағзалардан алынған нұсқасы да әзірленіп жатыр. «Дельта» штамның негізінде осындай әдіспен дайындалған модификацияланған екпе дайын тұр. Ғалымдар бұл препараттарды жануарларға сынап көрген. Қазір вакциналардың сақталу мерзімі тексерілуде. Сынақ сәтті өтсе, қорытындысы лицензиясы бар әлемдік ғылыми журналдарда жариялануы тиіс.

Қолданыста бар QazVaс -тың 1 миллион жеті жүз мың дозасы пайдаланылса, жыл соңына дейін 1 миллион үш жүз мың дозасын өндіру жоспарда бар.

Нұрика Асанжанова, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бөлім меңгерушісі:

— Қазір отандық өнімнің үшінші кезеңі бойынша клиникалық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Вакцина «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау» Ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр. Әзірге оның нәтижесі дайын емес. Қорытынды есеп нәтижесі оң болса, отандық вакцина туралы ғылыми мақалалар әлемнің жетекші басылымдарында жарық көрмек.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр