jasqazaq.kz

Qazaqstan Media Awards аясында өтетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

14 қазан, 10:25

2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды. Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистердің, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары байқаудың қорытынды кезеңіне өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берді. Телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар ұсынылды.
Заманауи медиатехнологиялар мен жаңа форматтарға ерекше назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді.
Мерейтойлық ұлттық сыйлықтардың жеңімпаздары тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа саласының қайраткерлері мен сарапшылары енген.
Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі