
Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ. Бұл туралы көрші ел президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Журналистер Песковтан Путиннің «орыс халқының сыйлықтары» туралы және оны қайтару керегі туралы сұхбатын түсіндіріп беруді сұрады. БАҚ өкілдері Ресейге қандай сыйлықтар қайтарылуы керегін сұрап білді.
«Президент сыйлықтар туралы айтқан жол, ол Конституцияда бұрын жіберілген қателер туралы айтқан. Ол біздің мемлекетіміз үшін жағымсыз салдары болатын оқиғалардың даму нұсқаларын қарастырмаған», — деді Песков Путиннің «Россия 1» телеарнасындағы «Россия. Кремль. Путин» фильмінде айтқан сөзіне пікір білдіре отырып.
Песков Ресей президенті Владимир Путиннің сөздеріне түсініктеме бере отырып, осыған дейін аумақты иеліктен шығару мүмкін еместігі туралы Конституцияға түзету бұрынғы Конституциялардағы жүйелік қателерді түзетуге арналғанын айтты.
Айта кетейік, бұл фильм 21 маусымда көрсетілген болатын.